Бас жаңалықтар
Тікелей эфирде ғылыми конференция өтті
29 Сәуiр 2019, 13:15 390

Тікелей эфирде ғылыми конференция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өз тарихын жақсы білген және оны мақтан еткен елдің ғана болашағы жарқын болады. Біздің халқымыздың басынан тәуелсіздікке дейін қаншама қиын да, күрделі ғасырлар өтті. Енді осы егемендікті сақтап, мәңгілік ел болу үшін біз не істей аламыз?

Біз жастар – бұл орайда болашаққа бағытымызды айқындағын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты айнымас темірқазықтай көреміз. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері жас мемлекетіміздің төл тарихы қалыптасты. Соның барлығында Елбасының айрықша қолтаңбасы бар. Осынша аз уақытта ғасырға бергісіз жұмыстар атқарылды.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында үлкен мақала жазды.

Қазақтың қатпар тарихын қазбалай бастаса, жеті емес, жетпіс қыры шығары анық. Бірақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев соның барлығын қазақы тамыммен, қазақы түсінігіне жақын жеті санының маңайына топтастырып түсіндірді. Біз де жеті саны қасиетті сан екенін бала күнімізден санамызға сіңіріп өстік. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл мақаланы: «Кеңестік барлық нәрсенің, ал уақыт-бүкіл оқиғаның өлшемі», - деп бастайды. Мақаланың бірінші тармағында: 1.Атқа міну мәдениеті; 2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия; 3.Аң стилі; 4.Алтын адам; 5.Түркі әлемнің бесігі; 6.Ұлы Жібек жолы; 7.Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны;

Ал,екінші тармағында: 1.Архив-2025; 2.Ұлы даланың ұлы есімдері; 3.Түркі әлемнің генезисі; 4.Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі; 5.Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы; 6.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі, деп оқуға жеңіл, оқушыға түсінікті тілмен талдап береді.

Бұл мақаланы әрбір студенттің оқуына, оқып қана қоймай жанымен түсінуіне әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұстаздары да ат салысып келеді. Соның бір дәлелі ретінде аталған оқу орнының Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы, 2-топ 1-курс студенттеріне өткен ғылыми конференцияны айтуға болады. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Фатима Ақынбайқызы Қозыбақованың бастауымен «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» тақырыбында шетел студенттерімен тікелей эфирде ғылыми конференция өтті. Конференция барысында ұлы даланың кино өнерін шетелдіктерге таныстырып, еліміздің даңқты ойшылдары, батырлары, ел билеушілері тек Қазақстанға емес, бүкіл әлемге танылған тұлғалар екенін тағы да бір дәлелденді деген ойдамын.

Бұл конференция студенттерді де бейжай қалдырмады. Біз де ұлт алдында, мемлекет алдында, болашақ алдында жауапты екенімізді тағы бір мәрте сезінгендей болдық.                                                                                                           

                                                                                                                

Арай Исламғалиева,

                                                                                                Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1-курс студенті.

                                                                                                             Ғылыми жетекшісі:

                                                                                  тарих ғылымдарының докторы,профессор

Фатима Қозыбақова

Сізден жаңалық