Бас жаңалықтар
TiJi мультфильмдері қазақ тілінде болады
27 Қыркүйек 2021, 18:17 593

TiJi мультфильмдері қазақ тілінде болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Groupe M6 компаниясының телеарналар мен радиостанциялар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрьемен және Халықаралық дистрибуция жөніндегі директоры, «Лти Восток» бас директоры Мария Жабина-Пантеликпен жемісті кездесуі өтті.

Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар балалардың танымал мультипликациялық арналарын, атап айтқанда, TiJi телеарнасын қазақ тіліне аудару бойынша ынтымақтастықтың дамыту перспективаларын талқылады. Бұл мемлекеттік тілдегі балалар контентін арттырудағы маңызды қадам болмақ.


Қазіргі ақпараттық ғасырда мультфильмдердің балаға әсері ерекше. Бұл бағытта елімізде үлкен жұмыстар атқарылуда. Осы саладағы жарқын жобалардың бірі балалар тұтынатын мемлекеттік тілдегі контентті ұлғайту мақсатында танымал балалар арналарының мультипликациясын қазақ тіліне аудару болып табылады. Сіздің арнаңыздың осындай жобаларды іске асырудағы тәжірибесін және хабар таратудағы тілдерінің молшылығын назарға ала отырып, біздің ұсынысымызды қабылдағаныңызға қуанышымды білдіремін, - деп атап өтті министр Балаева.
Кездесуге қатысушылар өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайту және одан әрі жолға қою туралы ниеттерін растай отырып, жан-жақты ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.


Фото: дереккөз
Загрузка...