Бас жаңалықтар
Тігінші мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дамытты
04 Тамыз 2020, 14:20 187

Тігінші мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дамытты

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қармақшы аyданының орталығы Жосалы кентiнің тұрғыны, тігін шебері Күлпаршын Әлiкеева мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дамытуда.

Күлпаршын Әлікеева тігіншілік өнерге өрімдей кезінен құмартқан. Оның осы қызығушылығын оятқан әжесі еді. Өйткені, әжесі ертелі-кеш басқұр, құр, ши тоқып отыратын. Ал аyдандағы тұтынyшылар комбинатында 36 жыл тігiнші болып жұмыс iстеген анасы мен тігiншілікті ермек еткен енесi Күлпаршынның кәсіби шеберлігін шыңдауға себепкер болды.

Осы кісілердің арқасында тігіншілік өнер жаныма жақын, тіпті қаныма сіңіп кетті десем артық айтқандық емес. Бірақ бір кездері сауда-саттық саласына өтіп кеттік. Дегенмен қолымнан ине-жібім түспеді. Үйде болғанда тігін машинамды алып, өзіме керек нәрсені тігіп ала қоятынмын. Құрақ құрадым. Басқа да бұйымдар жасадым. Оларды сататынмын да. Кейін сауданы тастап, біржола тігіншілікке бет бұрдым. Отбасым да осыны қолай көрді. Мемлекет беріп отырған мүмкіндіктерді пайдаланып қалуға бекіндім. Өткен жылы аудандағы кәсіпкерлер палатасы арқылы "Бастау Бизнес" оқу курсынан өтіп, сертификат алдым. Осылайша, таяуда мемлекеттік қолдаудың арқасында 555 600 тенге грантқа ие болдым, – дейді Күлпаршын Әлікеева.

Шебердің қолынан шыққан қыз жасаyы, ұлттық нақыштағы көрпе, жастық, көрпеше, тағы басқа бұйымдар тұтынyшылардың көңілінен шығуда.

Құрақ құрағанды жақсы көремін. Қай жерде жүрсем де оюларды қарап, іздеп жүремін. Көргенімді есте сақтауға немесе қағазға түсіріп алуға тырысамын. Сөйтіп, сол өрнекті мата түсіремін. Әдемі ғып әрі түрлендіріп тігу шабытымды оятады. Осы кәсіптен табыс табайын деген мақсатым болмады. Бірақ шеберлігің шыңдалса, ақша өзі іздеп келеді екен. Бүгінде бiр қыздың жасаyын тігіп, дайындауыма бір айға жуық уақыт жұмсаймын. Ал ши құрақ одан да көп уақытымды алады, – деді тігінші.

Күлпаршын Әлікееванің шәкірті – қызы Ақмарал. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болған кәсіпті енді Ақмарал жалғастырып әкетпек.

Біздің отбасыны көпшілік шеберлер отбасы деп айтып жатады. Себебі, әкеміз ұста. Үйдің үлкені Ақерке сән салонында. Мен анама көмектесемін. Бауырларым Бағлан, Бағдаттар да құрылысқа маманданған, – дейді Ақмарал.



Фото: дереккөз
Загрузка...