Министрлік «The Village Kazakhstan» сайтында жарияланған мақаладағы жағдайға қатысты пікір білдірді

2 Қыркүйек 2021, 11:57
7125
Бөлісу:
Министрлік «The Village Kazakhstan» сайтында жарияланған мақаладағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министрлік өз тарапынан журналистердің құқығын қорғауға көмектесуге дайын.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің жауапты қызметкерлері «The Village Kazakhstan» редакциясына қажетті көмек көрсетіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында редакциямен, сондай-ақ мақала авторымен байланысқа шығып отырмыз, - делінген хабарламада.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қысым көрсетуге жол берілмеуі тиіс деген қағиданы ұстанады.

Министрлік өз тарапынан журналистердің құқығын қорғауға көмектесуге дайын. Сонымен қатар ақпараттың шынайылығына қандай да бір материал жарияланатын БАҚ, сондай-ақ материалдың немесе жарияланымның авторы жауапты екенін еске саламыз. Барлық журналистен жарияланым кейіпкерлерінің жеке өміріне зиян келтірмеу үшін этикалық нормаларды сақтауды сұраймыз, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы