The spirit of Eurasia фестивалі елорданың визит картасы болуы мүмкін

6 Шілде 2019, 14:01
1379
Бөлісу:
The spirit of Eurasia фестивалі елорданың визит картасы болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында The spirit of Eurasia 2019 қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалі ашылды.

ЕХРО аумағындағы жазғы сахнада өтіп жатқан іс-шараға елорда әкімі Алтай Көлгінов қатысты, деп қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Әкім фестиваль барысындағы достық атмосфераны ерекше атап өтті.

«Аталмыш іс-шараның эксклюзивтілігі Еуразия жүрегіндегi 14 ел ұсынылғандығында деп ойлаймын. Бір аспан астында бір сахнада бірнеше елдің қазіргі заманғы музыкасы. Фестивальдiң арқасында елордаға көптеген елден қонақтар келеді. Өйткені The Spirit of Tengri жобасы осы сегментте өз орнын көрсетті. Бұл Алматы қаласында қалай өткенін білеміз және Нұр-Сұлтанда бұл астаналық деңгейде ұйымдастырылғанын қалаймыз. Бұл біздің қаламыздың визит карталарының бірі болсын», - деді Алтай Көлгінов.

The spirit of Eurasia мультимәдени жобасының мақсаты - Қазақстан жеріндегі қазіргі заманғы EthnoWorld-музыканың танымал өкілдерін біріктіріп, Ұлы Дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасын ұсыну. Биыл фестиваль өз алаңында Латвия, Оңтүстік Корея, Литва, Бурятия, Эстония, Украина, Зимбабве, Мозамбик, Франция, Алжир, Испания, Тува Республикасы, Ресей және Қазақстан сияқты 14 елден 13 ұжымды жинады. Музыкалық шоу елордалық әкімдіктің қолдауымен Жастар жылы аясында өтуде.

Іс-шараға кіру тегін. Сондай-ақ, фестиваль аумағында шеберлердің жәрмеңкесі мен этникалық қалашығы ашылды, онда кәдесыйлар мен қолдан шыққан туындыларды сатып алуға болады.

Фестиваль 7 шілдеге дейін өтедi.

Өзгелердің жаңалығы