EGov mobile қосымшасында вакцинация паспорты іске қосылады
05 Сәуiр 2021, 16:47 649

EGov mobile қосымшасында вакцинация паспорты іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. EGov mobile қосымшасында вакцинация паспорты іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді.

Оның айтуынша, елде барлық саланы цифрландыру мәселесі жолға қойылған. Пандемияға байланысты медицина саласына ерекше назар аударылып отыр.

Жуықта министрлік электрондық порталдық мобильдік қосымшасында денсаулық сақтау саласына қатысты бірнеше жобаны іске қосқан. Соның бірі вакцинация паспорты.

EGov mobile-да цифрлық құжаттар бөлімінде вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін вакцинацияның электрондық паспорты қолжетімді болды. Қазірг күні вакцинаның екінші компонентін алған 60 мың азамат оны қолдана алады. Мобильдік қосымшаны барлық азамат жүктеп алса болады. Халық арасында танымалдығын арттыруымыз керек. Сонымен қатар вакцинация паспорты QR код арқылы расталатынын атап өткен жөн. Әрі вакцина алуға кезекке тұру да осы қосымша арқылы жүзеге асырылады, - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, қосымшаның техникалық мәселелері шешілді. Енді Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген соң, ол бірнеше қалада пилоттық жоба ретінде пайдаланыла бастайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...