Tesla жаңа электрокроссоверін таныстырды

15 Наурыз 2019, 16:40
2384
Бөлісу:
Tesla жаңа электрокроссоверін таныстырды

Алматы, BAQ.KZ. Tesla жаңа түрлендіруден өткен Model Y электрлі кроссоверін таныстырды. Автокөліктің бағасы 39 мың доллардан басталады, делінген компанияның сайтында.

«Лос-Анджелестегі таныстырылым барысында аталған көліктің Standart Range, Long Range, Dual Motor AWD және Perfomance сынды түрленген төрт моделі ұсынылды. Бұл автокөліктің ең жоғарғы жылдамдығы 240 км/сағат. Сондай-ақ, бір реттік қуатпен 480 шақырым жерді жүріп өте алады», - делінген хабарламада

Қаңтар айының соңында Tesla электромобильдері Sentry Mode жаңа  қауіпсіздік жүйесін енгізетіні хабарланған. Дабылды дыбыстаманың біріне Иоган Себастьян Бахтың «Токката және фуга ре минор» шығармасы енген, яғни көлігіңізді біреу ұрламақ болса, осы әуен ойнай жөнеледі.

Өзгелердің жаңалығы