Тершеңдік ненің белгісі

24 Желтоқсан 2019, 12:35
34505
Бөлісу:
Тершеңдік ненің белгісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнде қатты терлесеңіз (гипергидроз) ол өте қауіпті. Бұл дегеніміз онкологиялық аурудың белгілері болуы мүмкін. Бұл туралы Висбадендегі Дерматология мен аллергология клиникасының директоры Кристиан Байерл айтты.

Профессордың айтуынша, бұлай болудың себебі лимфома мен лейкоздың әсерінен болуы мүмкін.

Әсіресе түнде шылқып терлегеннен қауіптену керек. Сонымен қатар, дене қызуы көтеріліп, себепсіз салмақ тастау да онкологиялық аурудың белгілері болып табылады.

Егер адам ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамай, салқын бөлмеде жатқанның өзінде терлесе, онда қалқанша безін тексерту керек.

Сондай-ақ, тершең болып, оның үстіне шөл қысса бұл диабеттің белгілері болуы мүмкін.

Жатарда дәмдеуіштер қосылған аса ауыр тағам жеп жатса да, тершеңдікке әкеп соғады.

Өзгелердің жаңалығы