Бас жаңалықтар
"Терісқақпай" театрының актері Дархан Дайырбек көз жұмды
08 Шілде 2020, 09:28 482

"Терісқақпай" театрының актері Дархан Дайырбек көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Терісқақпай" театрының актері Дархан Дайырбек көз жұмды. Бұл туралы әріптесі Асқар Наймантаев жазды. 

Қайтейін-ай! Алыста болып аңырап, жырақта жүріп жер сипап қалдым-ау, ағайын! Жаным-оу, Дархан-оу, енді қайтем! Таныстың бәрін жұмылдырсақ та тынысыңды аша алмадық қой... Жан досың, серігің Ұлан күндіз-түні жоғыңды жоқтап, керегіңді жеткізсе де араша бола алмадық... сенің жұтар бір жұтым суың, терең дем алар ауаң бола алмадым... Қабақ шытпай, қиындықты жымиып жеңуші едің...Сенің қателігіңді де қайталай алмаймыз-ау енді. "Терісқақпайдың" да қатары сөгілді, халқым, оны енді бүтіндей алмаймын...
Бақұл бол, - деп жазды ол. 

Танымал актер Дархан Дайырбектің пневмония диагнозымен ауруханаға түсіп қалғанын жазған едік. 

Айта кетейік, Дархан Дайырбек 1969 жылы дүниеге келген. Қазақстанның мәдениет қайраткері, актер. "Терісқақпай" комедия театрының әртісі. "Әкім", "Құдалар","Қазақша тонау", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабинка-2", "Бес күндік күйеу", "Мен күйеу баламын" секілді фильмдерде басты рөлді сомдаған. 

Фото: дереккөз
Загрузка...