Ақтөбе облысында тергеушілер мен патрульді полиция қызметкерлері тапшы

21 Қыркүйек 2019, 10:22
1929
Бөлісу:
Ақтөбе облысында тергеушілер мен патрульді полиция қызметкерлері тапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік тәртіп сақшылары жұмысқа алу үшін үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысы полиция департаментінде бүгінде тергеушілер, жедел қызметкерлер мен патрульді полиция мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер
ісі жөніндегі инспекторларға сұраныс бар.

Ақтөбе қаласындағы «Керуен сити» сауда-ойын сауық кешенінде өткен Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Ақтөбе облысы полиция департаментінің Кадр аппаратының қызметкерлері қатысты. 

«Ақтөбе облысы полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының мамандары ішкі істер органдарында қызмет етем деп ниет еткендерге жұмысқа қабылдаудың тәртібі және болашақ тәртіп сақшыларына қойылатын талаптарды жан-жақты түсіндірді», - делінген ведомство хабарламасында.

Биыл шілде айынан бастап патрульді полиция қызметкерлерінің еңбекақысы 65%, жедел-тергеу бөлімшелеріне 50%, учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларға 20% -ға өсті.

Сонымен қатар, өзінің жеке пәтері болмаса, жалдап тұратын пәтеріне жеңілдік төлемақы қарастырылған.


Өзгелердің жаңалығы