Тергеудегі азаматтарға 400-ден аса кітап тарту етілді

5 Қараша 2020, 10:15
1710
Бөлісу:
Тергеудегі азаматтарға 400-ден аса кітап тарту етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында тергеудегі азаматтарға 400-ден аса кітап тарту етілді, деп хабарлады Polisia.kz. 

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде «Артық білім кітапта, ерінбе оқып білуге» қағидатын ұстанады. Мекемедегі кітапханада жинақталған екі мың данадан астам кітап қорының ішінде сүбелі шығармалар мол. Жуырда аталған мекеменің кітапхана қызметкері Айгүл Тыныстанова Тараз қаласындағы екі кітапхана басшылығына хат жазып, тергеу изоляторындағы кітапхана қорын құнды кітаптармен толықтыруды сұраған. 

Облыс орталығындағы Абай және Шоқан атындағы қос орталықтандырылған кітапхана басшылығы бұл өтінішті қолдап, мекемеге 400-ден аса кітаптарды сыйға тартқан. 

Мекемеге кітап тарту еткен кітапхана басшылықтарына алғысымызды білдіре отырып, ең сабырлы ұстаз саналатын кітаптың жазалы жандардың түзу жолға түсуіне септігін тигізетіне сенім мол, – дейді ЖД-158/1 мекемесінің кітапхана қызметкері Айгүл Аязқұлқызы.


Өзгелердің жаңалығы