Биыл терактіден 7 мыңдай адам қаза тапқан

16 Қазан 2019, 19:08
2743
Бөлісу:
Биыл терактіден 7 мыңдай адам қаза тапқан

Алматы, BAQ.KZ. РФ федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников шетелдік арнайы қызмет өкілдерін терроризммен күресті күшейтіп, ақпараттық салада бірігіп қызмет атқаруға шақырды. Бұл туралы Курсив басылымы жазды.

"Еліміздегі арнайы қызмет қауымдастықтарының тығыз байланыс орната отырып атқарған жұмысының арқасында халықаралық террорлық ұйымдар айтарлықтай шығынға батты. Дегенмен ірі халықаралық террорлық ұйымдар, бірінші кезекте ДАИШ пен "Әл-Каида" өздерінің қылмыстық әрекетін жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалды", - деді ол Сочиде өтіп жатқан XVIII халықаралық арнайы қызмет ұйымдарының жиынында.

ФҚҚ директорының мәліметінше, 2019 жылы лаңкестер әлем бойынша мың жарым рет шабуыл жасаған, нәтижесінде 6,5 жарым мың адам қаза тапқан, тағы мыңдаған адам жараланған.

Өзгелердің жаңалығы