Бас жаңалықтар
Теннистен жаттықтырушыларға арналған республикалық семинар өтеді
16 Қаңтар 2021, 03:25 174

Теннистен жаттықтырушыларға арналған республикалық семинар өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен 2021 жылғы 16-30 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және Ақтөбе қалаларында жаттықтырушы-оқытушылар құрамы үшін «10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасы бойынша үш күндік шеберлік сынып семинарлары өтеді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Семинар Қызыл, Қызғылт сары және Жасыл шарларды қолдануға байланысты практикалық ұйымдастыру мен оқытуды, соның ішінде түрлі-түсті доптармен ойнаудың техникалық және тактикалық дағдыларын қамтиды.

Семинарды өткізу үшін балалар теннисі бойынша әлемдегі ең үздік мамандардың бірі, жаттықтырушыларды оқытуда 20 жылдан астам тәжірибесі бар Майк Баррелл шақырылған.

Семинар кестесі: 1. Нұр-Сұлтан қ. (16-18.01.2021); 2. Шымкент қ. (20-22.01.2021); 3. Алматы қ. (24-26.01.2021); 4. Ақтөбе қаласы (28-30.01.2021).



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...