Теннистен Федерация кубогы: Юлия Путинцева жеңісінің құпиясымен бөлісті

21 Сәуір 2019, 16:33
1922
Бөлісу:
Теннистен Федерация кубогы: Юлия Путинцева жеңісінің құпиясымен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондонда өтіп жатқан Федерация кубогында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева ұлыбританиялық қарсыласын қалай айқын басымдықпен ұтқанын айтып берді, деп хабарлады BNews.kz.

Алдымен ол жанкүйерлерге алғысын білдірді.

"Бүгін олардың қолдауынсыз жеңіске жете алмас едім. Жанкүйерлер маған күш беріп, намысымды қайрады. Нәтижесінде жеңіске жеттім.  Күн сайын мұндай қолдау көрсетіле бермейді.  Жанкүйелер спортшының жеңіске жетуінде маңызды рөлді ойнайды", - дейді қазақстандық спортшы жарыстан соң ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Теннистен Федерация кубогы: Юлия Путинцева жеңісінің құпиясымен бөлісті

Сонымен қатар Юлия Путинцева ұлыбританиялық спортшының тегеурінді қарсылық көрсеткенін атап өтті.

"Бүгін Кэти Бултер жақсы ойнады. Мен осыған дейін қарсыласымның барлық матчын көрдім. Бірақ бұлай қарсылық көрсетеді деп ойлаған жоқпын. Менің ойымша, алғашқы кездесуде Йоханне Конте жеңіске жеткен соң, ол еркінсіп кеткен сияқты. Кортқа шығып, бірден соққылар жасай бастады. Осылайша, қарсыласымның өзіне деген сенімі нығайды әрі ұпай жинай бастады. Бірінші партиядан соң Диас Досқараевпен (теннистен Қазақстан құрамасының капитаны) сөйлестім. Нәтижесінде, тактиканы өзгерттік. Осылайша, жеңіске қол жеткіздік", - дейді қазақстандық теннисші.

Сонымен қатар брифингте теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев жеңісі үшін қазақстандық теннисшіге алғысын білдірді.

Бұған дейін Юлия Путинцева ұлыбританиялық теннисші Кэти Бултерді айқын басымдықпен ұтқанын, әрі Зарина Диястың алғашқы кездесуінде ұлыбританиялық Йоханне Контеден жеңіліп қалғанын хабарлағанбыз.

Ұлыбритания астанасы Лондондағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтіп жатыр. Мұнда Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрмасы өзара күш сынасуда.

Әйелдер құрамасы теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне үш рет, яғни Францияға (2013), Канадаға (2017), сондай-ақ Ұлыбританияға (2019) жолдама алған.

Аталған жарыста қазақ елінің намысын Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Галина Воскобоева қорғайды. Олардық қарсыластары – Йоханна Конта, Кэйти Бултер, Хитер Уотсон, Хэрриет Дарт, Кэйти Суон.

Фото авторы: Андрей Ударцев

Өзгелердің жаңалығы