Теннистен ел чемпионаты өтеді

7 Қыркүйек 2021, 04:21
761
Бөлісу:
Теннистен ел чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы «Дәулет» теннис орталығында әйелдер мен ерлер арасындағы ел чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Чемпионатқа Қазақстанның әр аймағынан барлығы 100-ден астам спортшы қатысуға өтініш берді.

Ағымдағы чемпионаттың ерекшелігі - оған республиканың ең мықты теннисшілері қатысады. Оның ішінде: Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин, Достанбек Ташболатов, Тимур Хабибуллин, Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Екатерина Дмитриченко, Софья Чурсина, Татьяна Николенко, Аружан Сағындықова және басқалары бар.

Ерлер және әйелдер арасында жекелей сын жеңімпаздары Astana Open ATP 250 мен WTA 250 турнирлеріне арнайы шақырту және 7 мың АҚШ доллары көлемінде грант алады. Финалистер мен қола жүлдегерлер сәйкесінше 5 мың және 3 мың АҚШ долларымен бірге Astana Open жарысының іріктеу сайысына жолдама алады.

Чемпионат көрермендерсіз, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Ол 17 қыркүйекке дейін созылады. 




Өзгелердің жаңалығы