Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде ел рекордын жаңартты

24 Ақпан 2020, 20:29
1374
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде ел рекордын жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 17-орынға көтерілді және еліміздегі жаңа рекорд орнатты. Рейтинг wtatennis сайтында жарияланды.

Рыбакина бір жыл ішінде 175 орынға көтерілді. Қазақстандық теннисшінің бірден бірнеше орынға көтерілуіне халықаралық турнирлердегі жеңістері себеп болып отыр. Осы жылдың өзінде 20 жастағы теннисші төрт рет рейтингі жоғары жарыстарға қатысып, рейтингте екі орынға көтерілді. Соңғы рет Рыбакина 22 ақпанда әлемнің екінші ракеткасы румыниялық Симона Халепке қарсы Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінде ойнап, үшінші сеттегі тай-брейкте жеңіліп қалды.

Рыбакина тамаша ойнайды. Допты ойынға қосуы мықты. Бойы биік, сондықтан бұл оған басымдық береді... Жақында оны топ-10 рейтингінен көреміз деген ойдамын, - деді Симона Халеп ойыннан кейін.

Осы жылдың ақпан айының соңында еліміздің экс-бірінші ракеткасы Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 32-орында, Зарина Дияс 61-орында тұр.

Өзгелердің жаңалығы