Бас жаңалықтар
Теңіз кенішінде карантиндік шектеу ұзартылды
22 Қаңтар 2021, 08:42 349

Теңіз кенішінде карантиндік шектеу ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. 

Бұл туралы облыстың бас санитариялық дәрігері қабылдаған жаңа қаулыда жазылған.

Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын, - делінген қаулыда. 

Сондай-ақ, «Теңізшевройл» ЖШС-ға, Теңіздегі жедел штаб пен мердігерлік ұйымдардың, басқа да кәсіпорындар басшыларына COVID-19 ошақтарын оқшаулау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған науқастарды оқшаулау үшін Теңіз кен орнында қосымша карантиндік орындар ашу, шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру, вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды талапқа сай сәйкестендіру міндеттелген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...