Теңге депозитінің ең жоғарғы мөлшері бекітілді
3 Мамыр, 09:55 584

Теңге депозитінің ең жоғарғы мөлшері бекітілді

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2022 жылдың маусым айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткенін мәлімдеді.

3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және мамыр айындағы деңгейде сақталды.  

12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1 пайыздық тармаққа және 0,2 пайыздық тармаққа жоғарылады,-делінген хабарламада.  
 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...