Бас жаңалықтар
Теңге бағамы жыл басынан бері 0,9% әлсіреген
13 Тамыз 2019, 10:01 228

Теңге бағамы жыл басынан бері 0,9% әлсіреген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында жеті айдағы теңге бағамының динамикасы туралы баяндап, ішкі валюта нарығындағы ахуал көп жағдайда сыртқы факторлардың ықпалымен дамитынын айтты.

«12 тамыздағы жағдай бойынша теңге бағамы жыл басынан бері 0,9% әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 387 теңге 48 тиынды құрады. Сыртқы сектордағы жағдай тұрақсыз. Мұнай бағасы көп құбылуда. 31 шілде мен 7 тамыз аралығында мұнайдың әдемдік бағасы бір барелі үшін 65,2 АҚШ долларынан 56,2 АҚШ долларына дейін күрт төмендеді. Бұл АҚШ президентінің Қытай тауарларына бажды енгізуін мәлімдеген соң болды. 12 тамызда мұнай бағасы бір барелі үшін 58,5 АҚШ долларына дейін өсті. Ресей рублі ай басынан 12 тамызға дейін $1 – 63,4 рубльден 65,4 рубльге дейін 3,12% әлсіреді», - деді Досаев.

Төраға Ұлттық банктің алтын валюта резервтері 12 тамызда 27 млрд 700 млн АҚШ долларын құрағанын айтты.

«Олар екінші деңгейдегі банктермен валюталық жинақтың жабылуымен және үкіметтің сыртқы борышын өтеу межесінде шідеде 1,8% төмендеді. Валюталық активтердің төмендеуі алтын портфельдерінің өсуімен өзара теңестірілді. Ұлттық қордың активтері алдын ала деректер бойынша іс жүзінде өзгерген жоқ және шілдеде 59,8 млрд долларды құрады. Жалпы халықаралық резервтер 58,5 млрд долларды құрады. Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылы бірінші жарты жылдықта ағымдағы операциялау шоты $2 млрд дефицитпен қалыптасты. Сауда балансының сальдосы 10,3%, яғни 11 млрд 300 млн АҚШ долларына дейін азайды», - деді Ұлттық банк төрағасы Үкімет отырысында.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық