Тен: Ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйрететін әдістемелерді дамыту керек

4 Желтоқсан 2020, 18:04
2000
Бөлісу:
Тен: Ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйрететін әдістемелерді дамыту керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AdalBilim алаңында «Еңбек нарығында қазақ-ағылшын тілді мамандар неге аз?» тақырыбы талқыланды.

«LINGVA TEN» тіл үйрету орталығының директоры Владислав Тен қазақтілділердің ағылшын тілін үйренуі үшін көп уақыт кететін пікірде екенін айтты.

Ең алдымен ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйрететін әдістемелерді дамыту керек. Бұл таза қазақ тілінде сөйлейтін аудитория үшін маңызды. Мысалы, орыс тілін мүлде білмейтін қазақтілді адамдарға керек болады. Орыс тілін білмейтін қазақтарға ағылшын тілін меңгеруге көбірек уақыт кетеді. Себебі ағылшын тілі мен орыс тілі бір-біріне ұқсас. Айта кетсем, грамматика, сөздер бойынша ұқсас. Мысалы, қазақтар үшін қытай тілі қаншалықты қиын болса, ағылшын тілі таза кәріс тілді кореялықтар үшін соншалықты қиын. Егер олар бала кезінен үйренбесе, онда ересек жасқа келгенде үйрене алмайды. Меңгере алмайды. Оларға өте қиын болады. Сондықтан екі тілде де, яғни қазақ тілі мен орыс тілін білетін қазақтарға ағылшын тілін үйрену өте оңай, - дейді ол.

Владислав Тен өз сөзінде статистикалық мәліметтер бар-жоғын білмейтінен, алайда екі тілді қазақтардың арасында ағылшын тілін меңгергендердің көп екенін айтты. 

Қазақ тілі шығыс тілдерінің бірі. Орыс тілі еуропалық тілге жатады. Сондықтан олар ұқсас тілдер қатарында. Айтайын дегенім, қазақ тілі арқылы ағылшын тілін үйрететін әдістемелерді дамытуымыз керек, - деп түйіндеді Тен.

Айта кетейік, Владислав Тен бірнеше тілді меңгерген лингвист.
Өзгелердің жаңалығы