Теміржолшылар көктемгі су өтетін жерлерде тәулік бойы кезекшілік атқарып келеді

16 Сәуір 2021, 19:19
1632
Бөлісу:
Теміржолшылар көктемгі су өтетін жерлерде тәулік бойы кезекшілік атқарып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір қостанайлық өңір теміржолшылары жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Жаңа-Есіл – Қостанай учаскесіндегі Сарыкөл станциясына Севастополь ауылы жағынан еріген қар суы ағыла бастады. Су шайып кету қаупіне уақтылы ден қою және оны болдырмау үшін Қостанай станциясынан кесек тастан, рельс пакеттерінен, кондицияланбаған темірбетон шпалдарынан жинақталған шаюға қарсы пойыз Сарыкөл станциясына көшірілді. Дистанция күшімен 1200 құм салынған қап пен 2 кесек тасты платформа түсірілді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жабай өзені арқылы өтетін теміржол көпіріндегі жолдар мен құрылыстардың бүлінуін болдырмау үшін Атбасар жол дистанциясының («ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшесі – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы) теміржолшылары көпір жармасында мұзды жару бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізді.

Жалпы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша тасқын суларды өткізуге дайындық 100% құрайды.

Шайындылардың алдын алу және салдарын жою үшін 45 шаюға қарсы пойыз құрылған.

Өткен жылдардағы су тасқынын талдау негізінде су шайып кету бойынша қауіпті 673 орынның (құбырлар, көпірлер, жержол) тізбесі анықталып, оларға тұрақты бақылау белгіленіп, қосымша айналып өту және айналып жүру жолдары ұйымдастырылған. Ықтимал қауіпті жерлердің тізімі барлық локомотив депосына жіберілді. Локомотив бригадаларына жолдың шайылуы, судың жиналуы анықталған жағдайдағы іс-қимылдар туралы нұсқау берілді.

Аумақтық органдармен және төтенше жағдайлар басқармаларымен бірлесіп темір жол төсемінен жоғары орналасқан су қоймаларының, ауыл шаруашылығы бөгеттерінің жай-күйін комиссиялық тексеру бойынша жұмыс жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы