Теміртаулық екі мектепке Әлихан Бөкейхан мен Бауыржан Момышұлының есімдері берілді

13 Қаңтар 2021, 14:23
1825
Бөлісу:
Теміртаулық екі мектепке Әлихан Бөкейхан мен Бауыржан Момышұлының есімдері берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ халқының белгілі тұлғаларының есімдерімен металлургтер қаласының екі оқу орны аталды, деп жазды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Теміртау қаласындағы №15 қазақ мектеп-гимназиясына қоғам және саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Ол «Алаш» ұлттық партиясының негізін қалаушылардың бірі болған.

Мектепке Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Біз өте қуаныштымыз. Бұл ұлы тұлғаларға деген құрмет, - деді мектеп директоры деді Бағдат Нашкенов.

Теміртаудағы №23 мектепке белгілі қолбасшысы, Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін капитан Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының батыры атағына ие болған еді.


Өзгелердің жаңалығы