Теміртауда жол апатынан әкесі мен баласы қаза болды

28 Шілде 2021, 14:30
2620
Бөлісу:
Теміртауда жол апатынан әкесі мен баласы қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда апат салдарынан әкесі мен баласы қаза болды.

Қайғылы оқиға 28 шілдеде болған.

Облыстық полиция деректеріне сәйкес Lada Granta жүргізушісі Теміртау жаққа кетіп бара жатып, Нұрқазған бұлағына бұрылатын аумақта НОWO жүк көлігімен соқтығысып қалған.

Көлік кюветке қарай ұшып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан Lada Granta жолаушылары, әкесі мен баласы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді, - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, осы оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар да тағайындалды.


Өзгелердің жаңалығы