Теміртауда ұйымдастырылған көрмеде көне Құран кітабы қойылды

10 Қазан 2020, 05:40
1858
Бөлісу:
Теміртауда ұйымдастырылған көрмеде көне Құран кітабы қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртаудың тарихи-өлкетану мұражайында Рухани келісім күніне арналған экспозиция ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, бұл мереке Қазақстанда 18 қазанда атап өтіледі.

Көрменің басты жәдігері – өткен ғасырдың басындағы мұсылмандардың қасиетті Құран кітабы болды. Мұндай сыйлықты мұражайға 20 жыл бұрын мешіттің наиб имамы Әбдуәли Асанов ұсынған. Оның отбасында бұл кітап құнды жәдігер болған және әкеден балаға мұра ретінде қалып отырған.

Құранның ежелгі көшірмесі бүгінгі күнге дейін толық күйінде сақталмаған. Бұл тек ортаңғы бөлігі. Кітапта араб тіліндегі 60 тарау бар.

Құран тек араб тілінде ғана қасиетті саналады. Аудармада Кітап әлемнің 100-ден астам тілінде бар. Кітап 6 200 аяттан тұрады, олар сүреге жинақталған. Мұнда 114 сүре бар, олар өз кезегінде Мекке және Медина сүрелері болып бөлінеді, - дейді тарихи-өлкетану мұражайының экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Гүлім Сыздықова.

Рухани келісім күніне арналған көрме мұражайда қазан айының соңына дейін жалғасады.


Өзгелердің жаңалығы