Теміртауда "Мұражайдағы түн" акциясы өтеді

21 Қаңтар 2020, 21:06
1801
Бөлісу:
Теміртауда "Мұражайдағы түн" акциясы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Мұражайдағы түн" акциясы 24 қаңтарда Теміртау өлкетану мұражайында сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Келушілерді интерактивті байқаулар мен ерекше экспозициялар күтеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

Мұражайдың барлық залдарында қыс мезгілі туралы ерекше деректер, Теміртау қаласын және басқа да қызықты оқиғаларды білуге болатын ойын аймақтары орналасады. 

"Мұражайдағы түн" республикалық "Мұражайлар шеруі" бағдарламасының аясында өтеді. Шара шеңберінде облыстағы барлық мұражайлар кешкі уақытта алдын ала келісілген кесте бойынша ерекше іс-шаралар ұйымдастырады. Биылғы жылы кестеден тыс уақытта Балқаш тарихи-өлкетану мұражайы, Долинка саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы, Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы, сондай-ақ Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Осакаров аудандарының, Жезді және Ақжол, Егіндібұлақ кенттерінің және т.б. мұражайларын аралауға болады.

"Мұражайлар шеруі" республикалық акциясы өткен жылдың тамыз айының соңында басталды. Алдымен оны Ақмола, Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарының мұражайлары қолдады. Акцияның мақсаты - мұражайларды насихаттау және оларға республиканың барлық азаматтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету. Кіру тегін болады.


Өзгелердің жаңалығы