Теміртауда «Елін сүйген Елбасы» фотокөрмесі өтті 

17 Сәуір 2019, 10:02
2004
Бөлісу:
Теміртауда «Елін сүйген Елбасы» фотокөрмесі өтті 
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда, Тұңғыш Президент тариxи-мәдени орталығында «Елін сүйген Елбасы» фотокөрмесі өтті. Оны тамашалауға мектеп оқушылары келді. 

Экскурсия кезінде оқушылар Орталыққа ҚР Президенті Іс Басқармасы ұсынған жаңа жәдігерлерді де тамашалай алды. Экспозицияда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары, сонымен қатар ресми тұлғалардың сыйлықтары қойылған. Олардың қатарында Владимир Путин сыйға тартқан Ресей ауыл шаруашылығының 12 томдық энциклопедиясы, ҚХР Төрағасы Си Цзинпиннің сыйы, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың велосипеді бар.

Теміртауда «Елін сүйген Елбасы» фотокөрмесі өтті 

Балалар сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президентінің қызметтік көліктер паркінде болған «Мерседес Бенц S600L» автокөлігін де көрді. Бұл Елбасының жұмыс сапарлары кезіндегі көліктердің бірі.

Теміртауда «Елін сүйген Елбасы» фотокөрмесі өтті 

Маңызды құжаттар, көне суреттер, миниатюрадағы фабрикалар мен құрастырылған зауыттар және тағы басқа да жәдігерлерге көрермендер үлкен қызығушылық танытты. Экскурсия оқушыларға Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, ел Тәуелсіздігі, қазіргі Қазақстан және мемлекет тарихындағы маңызды оқиғалар туралы мол мағлұмат берді. 



Өзгелердің жаңалығы