Теміртау жастары әлеуметтік жобаларды дамытуға шағын гранттар алды

18 Қараша 2021, 14:34
1063
Бөлісу:
Теміртау жастары әлеуметтік жобаларды дамытуға шағын гранттар алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Металлургтер қаласының бес жас тұрғыны әлеуметтік маңызы бар бағыттағы шағын гранттарға ие болды. Жобаның ұйымдастырушысыТеміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы.

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жастар жобалары жәрмеңкесінің арқасында дарынды теміртаулықтар енді өз идеяларын жүзеге асыра алады. Олардың әрқайсысы осы мақсатқа 100 мың теңге алды.
Жобаны құру – менің бастамам. Бірінші рет өткізіледі. Басты идея – белсенді жастар өздерін қаланың әлеуметтік өмірінде жүзеге асыра алуы. Бір жарым ай ішінде біз 16–23 жас аралығындағы балалардан өтініштер қабылдадық. Арнайы комиссия үздік жобаларды таңдады, – деді Жастар орталығының жетекшісі Айдын Жумагельдинов.

Жеңімпаздардың бірі Лилия Цветова жеңіп алған қаражатына зоо-жәрмеңке ұйымдастырады. Бойжеткен үйсіз жануарлардың проблемаларына қоғамның назарын аударғысы келеді.

Гранттың тағы бір иегері Софья Бегайдарова өз қатарластарына Қарағанды облысының аумағында болған қызықты тарихи оқиғаларды ойын түрінде әңгімелеп бермекші.

Арайлым Тілеубек, Раиса Орловская және Устим Рожок ақпараттық ағартумен айналысады.

Жарты жылдан кейін біз балалардың өз идеяларын қалай жүзеге асыратынын тексереміз. Егер гранттарды пайдалану мақсатқа сай болса, келесі жылы да міндетті түрде жәрмеңке өткіземіз, – дейді Айдын Жумагельдинов.
Өзгелердің жаңалығы