Темірхан Досмұхамбетов талай игі істің басында болды – спорт министрі

1 Қараша 2021, 22:19
936
Бөлісу:
Темірхан Досмұхамбетов талай игі істің басында болды – спорт министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақ спортын қарқынды дамытуға ұшан-теңіз еңбек сіңірген тұлға Темірхан Досмұхамбетовтің отбасына көңіл айтты.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ІІ дəрежелі «Барыс» орденінің лауреаты, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен əріптестікті дамытуға зор үлес қосқаны үшін берілетін «Достық» орденінің иегері Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Ұзақ жыл егемен еліміздің саяси жəне спорттық өміріне қоян-қолтық араласып келген білікті басшы талай игі істің басы-қасында болды. Темірхан Мыңайдарұлы спорт саласында тұтас əдістемелерді, клубтардағы құрылымдарды енгізуге жетекшілік етті. Ақсақалдың асыл бейнесі туған-туыстарының көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, – деді Мəдениет жəне спорт министрі.

Өзгелердің жаңалығы