Бас жаңалықтар
Темір жол тасымалының көлемі қысқарады
03 Шілде 2020, 20:52 134

Темір жол тасымалының көлемі қысқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін  бас санитардың қатаң карантиндік шектеу енгізу туралы қаулысы жарияланды. 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиарейстердің бағыттары мен жиілігін көбейтпей, өңірлер арасындағы авиақатынастарды сақтауды қамтамасыз етсін, - делінген қаулыда.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы жолаушылардың темір жол тасымалы көлемін қысқартады.

Сондай-ақ, қала маңындағы жолаушылар пойыздарының (электричка, жұмыс пойыздарын қоспағанда) қозғалысын тоқтатады.
Жолаушылар пойыздарының құрамында жалпы вагондарды құруға рұқсат етілмейді.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар қалааралық автобус тасымалдарын тоқтата тұрады. 

Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ, отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салынады.
Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салынады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...