Бас жаңалықтар
Темір жол билеттерін сату жүйесіне өзгерістер енгізіледі
04 Сәуiр 2019, 19:22 3028

Темір жол билеттерін сату жүйесіне өзгерістер енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Темір жол саласында жемқорлықты жою мақсатында билеттерді сату жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Осыған байланысты билет сататын барлық кассада жан-жақты тексерістер жүргізілмек. Бұл туралы Ұлттық бюродағы «Адал жол» жобалық кеңсесінің жетекшісі Исламбек Майшекин мәлімдеді.

«Темір жол саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейту мақсатында агенттіктік пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері бар жұмыс тобы құрылды», - деді Исламбек Майшекин.

Оның сөзінше, жұмыс тобы заңнамалық, кадрлық, институционалдық және ұйымдастыру-бақылау шаралары, бизнес-процестерді қайта инженерлеру және оларды автоматтандыру, ақпараттарды жедел тасымалдау, темір жол тасымалын ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру бойынша Жол картасын әзірлеген. Темір жол тасымалы бойынша жасалған Жол картасы жолаушылар және жүк тасымалында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.

Сондай-ақ, алдағы уақытта билеттерлі қолма қол сатып алудың орнына электрондық билеттердің көптеп сатылуына қатысты бірқатар шаруа атқарылатын болады. Яғни азаматтарға билетті жылдам әрі тез алуға мүмкіндік беретін жаңа мобильдік қосымшалар құрастырылып шығарылмақ.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...