Қазақстандықтарға күн жарығының әсерінен телесигнал сапасы нашарлайтыны ескертілді

12 Ақпан 2019, 14:43
2022
Бөлісу:
Қазақстандықтарға күн жарығының әсерінен телесигнал сапасы нашарлайтыны ескертілді

Астана, BAQ.KZ. Жерсеріктік телехабар тарату сигналының сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы "Қазтелерадио" Қазақстан Республикасындағы хабар тарату саласындағы ұлттық оператор хабарлады.

2019 жылғы 26 ақпан мен 7 наурыз аралығында байланыс пен хабар тарату арналарының сапасы нашарлауы мүмкін. Республикалық ғарыштық байланыс орталығының хабарлауынша, көрсетілген кезең ішінде көктемгі күн интерференциясы болады деп күтілуде.

"Жаһандық ауқымда күн интерференциясы жылына екі рет 3,5 апта кезеңінде көрініс береді. Көктемгі интерференция алдымен солтүстік жартышардағы жерүсті станцияларына әсер етеді, сосын экваторлық станцияларға, одан кейін оңтүстік жартышардағы станцияларға көшеді. Күзде барлығы кері бағытта қайта қайталанады", - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы