Бас жаңалықтар
Телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшіріледі
02 Наурыз 2021, 18:57 317

Телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 10 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. 

АҚДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін «Қазтелерадио» АҚ кешірім сұрайды. Call-center: 193, +7(727) 2 581 500, 7193, e-mail: abonent@otautv.kz


Фото: дереккөз
Загрузка...