Telegram-да есірткіні жарнамалаған 56 канал жабылды

9 Тамыз 2019, 11:55
1742
Бөлісу:
Telegram-да есірткіні жарнамалаған 56 канал жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есірткі тұтынуды насихаттаған және оларды сатуды жүзеге асырған танымал Telegram мессенджеріндегі 56 сайт, әлеуметтік желілер мен аккаунт-боттар анықталды. Бұл туралы Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, көрсетілген сайттарға, әлеуметтік желілердегі парақтарға және аккаунттарға кіру пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін болған. 

"Ел аумағында есірткі құралдары мен прекурсорларды Қазақстанның ірі қалаларына жеткізіп отырған сондай-ақ 4 шетелдік сайт жұмыс істеп келген. Бұл сайттардың кәмелетке толмағандар арасында танымал және оларға қол жетімді екені алаңдатады. Нәтижесінде, көлік прокуратура бастамасымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат Комитеті барлық 56 сайт пен аккаунт-боттардың қызметін заңсыз деп танып, оларға қол жеткізу бұғатталды»,- деп жазды Бас көлік прокуроры.  


Өзгелердің жаңалығы