Телефон жақын арада әмиянның баламасына айналады - Жұмағалиев

22 Мамыр 2020, 11:47
1675
Бөлісу:
Телефон  жақын арада әмиянның баламасына айналады - Жұмағалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Жақын арада телефон әлеуметтік төлемдердің кез келген түрін алуда әмиянның баламасына айналады. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын дүкендерде байланыссыз төлем жасау терминалдарының пайда бола бастағаны  есімде. Ол кезде төлем картасын қою үшін терминалдың қосымша тіркемесі болатын. Бір дүкеннен терминалды көріп қалып, дүкеншіден байланыссыз төлем жасауға  бола ма дедім. Ол төлем жүргізуді қиындатпауды  (басын ауыртпауын) сұрады. Ал қазір бұған бәріміз үйрендік. Өйткені технологиялар қарыштап дамып кеткен. Біз болсақ, өзімізге ыңғайлысын таңдаймыз, - дейді Асқар Жұмағалиев.

Оның айтуынша, тіпті өзімен бірге төлем картасын алып жүрмейтіндер бар. Себебі, олар NFC (Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay) арқылы төлем жасауға көшкен. 

Ақшаны телефон нөмірі бойынша банктік шотқа жіберу, QR арқылы төлеу - көпшіліктің үйреншікті ісіне айналды. Жақында egov-та баж төлемін Kaspi арқылы QR көмегімен төлеу мүмкіндігі пайда болды. Ал ХҚКО-ларда Халық банкінің қосымшасы арқылы QR көмегімен төлеуге болады. Соңғы уақытта азаматтың ЖСН (эл.әмиян) бойынша немесе тікелей телефон теңгеріміне ақша жіберуге болатын электронды және мобильді әмияндар белсенді түрде қолданылуда. Кар-Телдің Еңбек министрлігімен бірлесіп, әлеуметтік төлемді азаматтың телефон теңгеріміне жіберу мүмкіндігін сынақтан өткізгенінен де  хабардармын. Теңгерімдегі ақшаны банкомат немесе Қазпошта арқылы алуға болады, - дейді министр.
Оның айтуынша, таяуда телефон әлеуметтік төлемдердің кез келген түрін, зейнетақы  немесе жәрдемақы, мемлекеттен берілетін басқа да төлемдерді алуда әмиянның баламасына айналады.
Өзгелердің жаңалығы