Бас жаңалықтар
Министр: Телеарналар мен интернет ресурстардың мемтапсырысты орындау критерийін бағалау жүйесі өзгереді
27 Қаңтар 2020, 11:59 121

Министр: Телеарналар мен интернет ресурстардың мемтапсырысты орындау критерийін бағалау жүйесі өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылы мемлекеттік тапсырысты орындауды телеарналар мен интернет ресурстардың аудиторияларын медиабағалау үшін өзіндік жүйесін енгізеді.

Бұл туралы ведомствоның 2020 жылға арналған кеңейтілген алқа отырысында министр Дәурен Абаев мәлімдеді.

image-27-01-20-11-44-1.jpeg

Ведомство басшысының айтуынша, бұдан былай мемлекеттік тапсырыс аясында шығатын материалдардың саны емес, тек сапасы есепке алынады.

Президент бізге 2020-2023 жылдарға арналған ақпарат саласын дамытудың ұлттық стратегиялық жоспарын құру туралы тапсырма берді. Құжат аясында қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігіне байланысты жұмыстар қолға алынады. Көптеген шара қазір әзірленіп жатыр. Бірақ, қазір олардың шегі туралы айтуға болады. Біріншіден, біз мемлекеттік ақпарат саясатын іске асырамыз. Бұл үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс механизмдері қайта қаралады. Біз нарықтық бағаны енгізуде санға емес, сапаға мән береміз. Мемлекет халық арасында сұранысқа ие мультимедиялық контентті, оның жарияланған санына қарай емес, интернет желісіндегі таралымын қолдайды. Екіншіден, коммерциялық телеарналар мен радиостанциялар цифрлық эфир таралымында өздерінің бағытын табуға қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Абаев.

Сонымен қатар, министр телеарналар мен радиостанциялардағы тыйым салынған жарнаманың кей түріне рұқсат беру жоспары бар екенін атап өтті.

Үшіншіден, 2021 жылы мемлекеттік саясат тапсырысты орындауда телеарналар мен интернет ресурстардың аудиторияларын медиабағалау үшін өзіміздің жүйемізді құрастырамыз. Төртіншіден, интернет телеарналарды реттеу бойынша нормалар әзірленеді. Өткен жылы министрлік БАҚ саласындағы заңнаманы және ақпаратқа қолжетімділікті оңтайландыру жобасы дайындалды. Онда шаралар жоспары көп. Олардың ішінде қағаз басылымдар үшін нөлдік қосымша құн салығын атап өтуге болады. Қазақстан территориясында шығарылатын тауар берлігісі бар және баяу алкогольді өнімдерге жарнамасына тыйым салуды тоқтату. Бұл шараларды жүргізіп жатырмыз. Бірақ баяу жүріп жатқанын атап өту керек, - деді министр.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...