Теле және радиохабарлардың тоқтатылуы 5G-ге байланысты ма?

19 Тамыз 2020, 17:35
1814
Бөлісу:
Теле және радиохабарлардың тоқтатылуы 5G-ге байланысты ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 тамызда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстанда теле және радиохабар таратылуының тоқтауы 5G желісін іске қосумен байланысты емес. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ хабарлады.

Ұлттық оператор хабарлағандай, осы уақыт ішінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Дегенмен, Whatsapp мессенджерінде бір әйелдің "19 тамызда Қазақстанда 5G желісі қосылады. Ол балалар үшін аса қауіпті, өлімге әкелуі мүмкін. Теледидар мен радио хабарларын тоқтату алдын ала жоспарланған. 25 тамызға дейін Wi-Fi, теледидарды өшіріп, ұялы телефондардан алыс болыңдар" деген кеңесі тарап кеткен. Ұлттық оператор бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Құрметті абоненттер, қазіргі уақытта what's up мессенджерінде жерсеріктік және эфирлік телерадиохабар тарату желілерінде Жоспарлы алдын алу жұмыстарының жүргізілуі туралы жалған ақпарат тарауда. Осы ретте Сіздерді үрейге бой алдырмай, тек ресми мәліметке сенулеріңізді сұраймыз, - дейді "Қазтелерадио" АҚ.  

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, - делінген хабарламада. 


 

Өзгелердің жаңалығы