Тель-Авивте "Евровидение-2019" басталды

13 Мамыр 2019, 10:26
1994
Бөлісу:
Тель-Авивте "Евровидение-2019" басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Евровидениенің" 64 ән байқауы Израильдің ірі қалаларының бірінде өтіп жатыр.

"Евровидение-2019" халықаралық ән байқауы жексенбіде Тель-Авивте басталды. Бұл туралы Израильдің Кan хабар тарату компаниясының интернет-ресурсы хабарлады. 

Басылымның ақпараты бойынша мерекелік іс-шара дәстүрлі түрде "қызыл кілемнен" басталды. 41 мемлекеттің өкілдері қала орталығындағы Габима театры алдындағы алаңмен жүріп өтті. 

Евровидение өтетін аумақта 4 үлкен экран, 85 гастрономиялық шатырлар және ұзындығы 100 метрлік бар орнатылды. 

Шоудың ән айту кезеңі екі тәуліктен кейін басталады. Жартылай финалдар Тель-Авивтің көрме орталығында 14 және 16 мамыр күндері өтеді. 

Биыл байқауға Ресей Федерациясынан әнші Сергей Лазарев "Scream" әнімен қатысады. Ол 2-ші жартылай финалда 13 номерімен өнер көрсетеді. Лазарев бұл байқауға 2016 жылы да қатысқан. Ол кезді ресейлік әнші көрермендерден жоғары балл алғанымен, қазылар тарапынан тиісті бағасын ала алмады. 

Еуропадағы ең танымал мызыкалық байқау Евровидениенің биылғы маусымында кім жеңіске жетуі мүмкін? Букмекерлік кеңселер үш фавориттің есімін атады.

Өзгелердің жаңалығы