Шағын кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторий күшіне енді

2 Қаңтар 2020, 16:48
6944
Бөлісу:
Шағын кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторий күшіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатады. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарлық халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған тексерулерге жүрмейді. Бұдан басқа, өз қызметіне қатысты кәсіпкерлердің өтініштері, сондай-ақ  Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер жүргізілуі мүмкін - делінген хабарламада.

Мораторий прокурорлық, кедендік, қарсы салықтық тексерулерге, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыларды тексерулерге, өнімге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауға қолданылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үшжылдық мораторий енгізілгені туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Өзгелердің жаңалығы