Қазақстандағы егіс шаруашылығына техниканың 98%-ы дайын

8 Сәуір 2020, 16:32
1786
Бөлісу:
Қазақстандағы егіс шаруашылығына техниканың 98%-ы дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров егіс науқанына техникалардың дайындығы  туралы баяндап берді. 

Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау туралы айтатын болсақ, облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98% құрайды, - деді Айдарбек Сапаров. 

Жұмыстың ұзақ тоқтауын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жөндеу бригадаларын құрған. Сервистік компаниялармен олардың көшпелі сервисті күшейтуі бойынша, сондай-ақ қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін техниканың дайындығы 100% құрайды деп жоспарлануда.

Көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргізу үшін ақпан-маусым айларына 387 мың тонна дизель отыны бөлінді. 8 сәуірдегі жағдай бойынша бекітілген кесте бойынша 387 мың тонна жоспардың 119 мың тоннасына шарттар жасалып, оның 103,4 мың тоннасы тиелді, - деп атап өтті брифинг спикері. 
Сонымен қатар, Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау бойынша іс-шараларды жүргізу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-на республикалық бюджеттен 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлгенін айтты. Бұл әдеттегіден 10 млрд теңгеге артық. Соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-дан аспайтынды.

Қазіргі уақытта егіс науқаны оңтүстік өңірлерде жүргізілуде, осылайша Жамбыл облысында 249,5 мың га немесе жаздық егіс алаңының 67%-ы, Түркістан облысында – 167,5 мың га (25,5%), Алматы облысында – 97,1 мың га (15,6%), Қызылорда облысында - 23,9 мың га (17,6%) алқапта егу жүзеге асырылған.

Бұған дейін биыл елімізде егілетін дәнді-дақылдар 15,2 млн гектар, соның ішінде бидай алаңы 11,4 млн гектарды құрағаны хабарланды. Сондай-ақ, қазіргі таңда алқаптарға 2,5 млн тонна тұқым себілгені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы