Тек төлқұжат өткіздім – көмек алған 4 балалы ана

3 Мамыр 2019, 17:44
9100
Бөлісу:
Тек төлқұжат өткіздім – көмек алған 4 балалы ана
PHOTO VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық 4 баласы бар Айгүл Әбжалиева ай сайын 97 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. 

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасы аясында еліміз бойынша 2 мамырға дейін атаулы әлеуметтік көмек жалпы сомасы 9,4 млрд теңге көлемінде 84 287 отбасыға берілді.

4 балам бар. Көпбалалы ана есебінде атаулы әлеуметтік көмек алдым. Қалалық әкімдікке барғанда қызметкер көпбалалы аналардың әр баласына 21 мың теңгеге жуық бөлінеді деді. Жұмыспен қамту орталығына барып құжат тапсырдым. Жолдасымның тұрақты жұмысы жоқ болғандықтан. Барлығын есепке ала отырып, 97 мың теңге шықты.

Тек төлқұжат өткіздім – көмек алған 4 балалы ана

Айгүл Әбжалиеваның отбасы қазір мемлекеттік тұрғын-үй қоры қамтамасыз ететін жатақханада тұрып жатыр. Тек коммуналдық шығындарды ғана төлейді.

Бұл жатақханаға осы қызым (қызы денсаулығына байланысты ота жасату квотасын алған – автор) ауыратын, сосын көпбалалы ана ретінде алдым. Қаламыздың әкімі Бақыт Сұлтанов және Амрин мырза көмектесті деуге болады. Ақмарал Сәбитовна деген кісі болды. Осы кісілер себепші болды. Тұрып жатқан жағдайымызды көріп, өздері машина жалдап, осы үйге көшіріп әкеліп берді. Көмектері тиді, рақмет ол кісілерге. Илинкада бір кісінің мансардында 12 шаршы метрді жалдап тұрдық. 2 жастағы балам бронхиалды астма болып ауыратын. Енді осы үйге келгелі ауырған жоқпыз. Дәрі мүлдем ішкен жоқ. Барлығы терезенің алдында тұр. Ол үйге 35  мың теңге төлейтінбіз. Светін санағанда 40 мың теңге төлейміз. Кішкентай бөлмеге сондай төлейтінбіз. Ал, бұл үйге ештеңе төлемейміз. Тек комуслуга төлейміз. Қанша уақыт тұратынымызды білмеймін.

Тек төлқұжат өткіздім – көмек алған 4 балалы ана

Көп аналар осы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін көп құжат жинау керек деп жатады. Сіз қандай құжаттар тапсырдыңыз?

Осы әлеуметтік көмекке ешқандай құжаттың қажеті жоқ. Мен жұмыспен қамту орталығына барып тапсырдым. Тапсырған кезде тек төлқұжат керек болды. Соған таңғалдым. Өтірік шығар мүмкін, жүгіретін шығармын деп ойладым. Сол жаққа барған кезде Нұрғазина деген кісі «тек төлқұжат апарыңыздар» деді. Айдың 12-сіне тапсырдым, 29-ына алдым.  97800 теңге алдым. Өзімнің, жолдасымның төлқұжатын және балаларымның туу туралы куәлігін тапсырдым. Бір рет барғаннан ештеңе бітпейді. Бір ғана удостоверениемен біту тек қана Астанада (Нұр-Сұлтанда – автор) болып жатыр. Кейбір жерге бармаған. Ол бірден жібере салатын нәрсе емес қой. Өзінің базасы болады. Сол базаны орнату керек екен. Қаншама халық бар. Миллион халықтың ішінен мені қайдан табады? Бірінші, пропискасы, жұмыс орнынан қағазын апару керек. Төзім болу керек. Астананың кейбір жерінде де базаға енгізбеген, документ жинайтын жерлер бар екен. Документ болғанда тұрғылықты мекенжай мен балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі керек. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезекте тұрғанның өзінде 20 минут кезекте тұрып алдым. Қыста баламмен коляскамен барғанмын. Түк те емес. Егер оның барлығы базада тұрса, көп құжатсыз, тек төлқұжатпен алуға болады.

Тек төлқұжат өткіздім – көмек алған 4 балалы ана

 97 мың теңге балаларыңызға жете ме? Ақшаны қалай жұмсайсыз?

Әрине, жетеді. Жоқтан жақсы. Жақында қызымның операциясы үшін Алматыға баруым керек. Сол кезде жолдасым балаларға қарап үйде отырады. Сол балаларымның тамағына жұмсаймыз. Қай жерде болмасын, "Не үшін тудыңыз?" деп жатады. Көпбалалы болған жақсы. Балаларың қасыңда.

Тек төлқұжат өткіздім – көмек алған 4 балалы ана

Енді бұл атаулы әлеуметтік көмекті қанша уақыт аласыз? Қайтадан құжат тапсырып алу керек пе?

Кризисный уақыт дейді ғой. Ондай кризисный уақыт өмір-бақи болмасын. Беті аулақ. Ендігі жылға дейін жақсы болып кететін шығармыз. Қиналып отырған отбасылар ендігі жылы тағы құжат тапсыру керек болады. Шүкір. Бұдан да жаман жерде тұрдық.

Тек төлқұжат өткіздім – көмек алған 4 балалы ана

Өзгелердің жаңалығы