Бас жаңалықтар
Тек ресми ақпараттарға ғана сену қажет – министр
09 Шілде 2020, 03:32 119

Тек ресми ақпараттарға ғана сену қажет – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің бүгінгі сөз сөйлеуінің ең негізгісі – бұл әрбір қазақстандық өмірінің маңыздылығы. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Президенттің бүгінгі сөз сөйлеуінің негізгі түйіні – бұл әрбір қазақстандық өмірінің маңыздылығы. Мемлекет еліміздегі әрбір азаматтың қорғаудың бар екендігін сезінуі үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Әрбір өмір үшін күнделікті ауыр күрес жүреді. Өкінішке қарай, бүгінде осынау ауыр эпидемиологиялық ахуалды өз мақсаттарына пайдаланатын кейбір адамдармен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл жалған мәліметтер мен үрей тудырады. Тек ресми ақпараттарға ғана сену қажет. Оны күнделікті coronavirus2020.kz сайтынан алуға болады, – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Оның атап өтуінше, Президент үндеуінде халықты дәрі-дәрмектермен, ауруханаларды төсек-орынмен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің кешенді шараларын жария етіп, теріс дағдарысты статистиканың оң көрсеткішке ие бола бастағандығын айтты.
Коронавируспен күреске бағытталған күнделікті шаралар күшейтіле түсетін болады. Қазақстандықтар таяу күндері індетпен күреске қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Президент атап өткендей, алдағы апталар шешуші болмақ. Және де бұл уақытта көп жағдай қазақстандықтардың өздеріне, олардың сана-сезіміне, өзінің және жақындарының өмірі мен денсаулығына деген алаңдаушылық деңгейіне байланысты болмақ. Қатаң санитарлық нормаларды сақтап, қажеттілік туындамаса үйден, пәтерден шықпау қажет. Бүгінде барлығы да біздің әрқайсымызға байланысты. Медицина қызметкерлерінің тыныштығы мен қалыпты жұмысы біздің саналығымызға байланысты болмақ. Біздің жауапкершілігіміз вирустың таралуын төмендетеді. Балаларымыздың денсаулығы мен болашағы бізге байланысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар, – деді Аида Балаева.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...