Тек Балқаш қаласында ауа сапасы нашарлайды

2 Сәуір 2020, 08:30
1445
Бөлісу:
Тек Балқаш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 сәуір күні республика қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, бейсенбі күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал қалыптасады. Тек қана Балқаш қаласында ауа сапасының нашарлауы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы