Бас жаңалықтар
Технологиялар дамыған шақта көптеген ауыл сапасы нашар суды тұтынып жүр
22 Шілде 2021, 14:41 111

Технологиялар дамыған шақта көптеген ауыл сапасы нашар суды тұтынып жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ауыл әкімдерінің сайлауына байланысты өткізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Шілденің 22 күні партияның орталық аппаратының өкілдері екі аймақта өз кандидаттарын қолдау шараларын өткізді.

Атырау облысында «Ауыл» партиясы төрағасы бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков Дамбы ауылы әкіміне партия атынан кандидат Ж. Муратуллинмен бірге ауылдағы ауыз су сапасын тексеру жұмыстарына қатысты. Лабораториялық құрал-жабдықты пайдалана отырып партия өкілдері Дамбы ауылындағы үйлерді аралап, халық тұтынып жатқан ауыз су көрсеткіштерін өлшеді.


Төлеутай Рахымбековтың айтуынша бүгінгі күні Қазақстан ауылдарының ауыз су проблемасы әлі де өз шешімін таппа келеді. 

Технологиялар дамыған шақта көптеген ауыл сапасы нашар суды тұтынып жүр. Тасымалданатын су сапасы тіпті нашар. Халықтың денсаулығы бойынша қаралы статистика соның айқын дәлелі. Ауыл инфрақұрылымының негізгі бөлігі ауыз судың физикалық қолжетімділігі және оның қауіпсіздігі. Суды жоқ деп айта алмасақ та, сапасының нашар екенін жасыра алмаймыз. Үкімет тарапынан су тазарту станциялары орнатылу жұмыстары жүргізілуі керек. Пайдалануға болатын қондырғылардың түр-түрі бар. Соларды енгізсе болады, - деді Төлеутай Сатайұлы.


Дамбы ауылы әкіміне кандидат Ж.Муратуллиннің пікірінше мемлекет тарапынан қажет қолдау болмаса, ауыз су проблемасын ауыл адамдарын біріктіру арқылы шешуге тура келеді. 

Тұтынушы кооперативтерін құрып, ауылдан шыққан кәсіпкерлерді біріктіріп, қажетті көлемде ақша жинау әбден мүмкін. Әкім болып сайланған жағдайда алғашқы жұмысымды осыдан бастаймын, -  деді үміткер Муратуллин. 

Бұл проблеманы өз көзімен көрген «Ауыл» партиясының маслихат депупаттары облыс бюджетін қарастырғанда тиісті ұсыныс жасаймыз деп хабарлады.


Ауыл инфрақұрылымының тағы бір негізгі бағыты – жол сапасы. Алматы облысы Талғар ауданы Бесқайнар ауылы әкіміне партия атынан үміткер Ж.Бекежановтың үгіт-насихат жұмысын қолдау шарасы аясында «Ауыл» партиясының хатшысы Анас Баққожаев жергілікті жол сапасына мониторинг жасау жұмысына қатысты.

Бүгінгі күні «Ауыл» партиясы атынан ауыл әкіміне кандидаттар үгіт-насихат жұмысын Қазақстанның жүзге шақты ауылдарында жүргізіп жатыр. Ауыл тұрғындарының көтерген сұрақтары алуан түрлі. Негізгілері - ауыл инфрақұрылымын жақсарту мен әлеуметтік мәселелері.

 



Фото: дереккөз
Загрузка...