Техниканың «құлағында ойнайтын» мамандар кем дегенде 500 мың жалақы алады

8 Қыркүйек 2021, 14:44
2179
Бөлісу:
Техниканың «құлағында ойнайтын» мамандар кем дегенде 500 мың жалақы алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы «Желмая» жобасында айтты.

Шетелден келген мамандар қазіргі заманғы техникалардың «құлағында ойнайды». Әрине, олардың айлықтары жоғары болады. Кем дегенде 500 мың теңге жалақы алады. Асфальт төсейтін операторлар, жол жиектерінде біраз жұмыстар бар, - деді Асқар Мұратұлы.

Ол атап өткендей, түрік, қытай, италиялық мердігер компаниялар жол құрылысын жүзеге асырады.

Отандық мердігер компаниялар да сапалы жұмыс істеп жатыр. Оларды шетелдік компаниялардан кем деп айта алмаймыз. Кейде артық болып та жатады. Мердігер компания жол сапасына 5 жыл бойы жауапты болады, - деді ол.

Осыған дейін ол «Алтын орда» базарының көпірі қашан аяқталатын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы