Тегеранда Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтуде

11 Қазан 2021, 15:45
16377
Бөлісу:
Тегеранда Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегеранда (Иран) Қазақстанның екі күндік сауда-экономикалық миссиясы басталды. Машина жасау, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі өнімдерін ұсынатын жиырма қазақстандық компания өздерінің экспорттық мүмкіндіктерін ұсынады.

СЭМ аясында Қазақстан-Иран бизнес-форумын ашқан Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев атап өткендей, Қазақстан жүздеген шағын және орта кәсіпорынды сыртқы нарықтармен біріктіре отырып, елдің сауда-экономикалық қатынастарын дамытуға бағытталған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жоспарлы түрде іске асыруда.

Өткен жылы ковидтік шектеулер Қазақстан мен Иранның өзара саудасына теріс әсер етіп, оны 37%-ға қысқартты. Бірақ биылғы 8 айда біз өткен жылғы тауар айналымының көлемінен асып түстік. Бұл біздің елдеріміздің сауда әлеуетінің зор екендігін көрсетеді, - деді Төребаев.
Талдау арқылы Иранға қазақстандық тауарлардың металлургия саласы, тамақ, машина жасау химия және фармацевтика өнеркәсібі тауарларының $162,3 млн сомасына экспортын арттыру әлеуетін анықтады.

Сауда және интеграция вице-министрі Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында қол қойылған Еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісімді елдер арасындағы тауар айналымының өсуіне ықпал ететін толық форматты келісімге айналдыру жөніндегі келіссөздер процесін құптады.

Екі елдің өзара іс-қимылының өсуіне Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жолын пайдалануға ықпал етеді. Бұл қатынас 10 млн тонна жүкті ауыстырып, тиеуге мүмкіндік береді.

Осы жол арқылы Иранның Ресей және Қытай нарықтарына, өз кезегінде біздің ел – Парсы шығанағының барлық мемлекетіне шығу мүмкіндігі бар. Бұл магистраль екіжақты және өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға оң әсерін тигізді, - деп атап өтті Қайрат Төребаев.
ҚР ИИР-дағы елшісі Асхат Оразбай атап өткендей, қазақстандық сауда-экономикалық миссиясындағы Иран бизнесінің назары «біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда зор өзара мүдделіліктің бар екенін» көрсетеді.

Елші Оразбай Қазақстан мен Иранның инвестиция саласындағы ынтымақтастығының табысты дамуы туралы айтып берді.

Өткен жылы Иран инвесторлары Қазақстан экономикасына 4,3 млн доллар тікелей инвестиция тартты. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1,7 млн долларды құрады. Іске асыруда көптеген жаңа жоба бар. Мысалы, жақында Ақтау теңіз порты мен Казвиннің коммерциялық палатасы арасында порт аумағында коммерциялық-логистикалық кешен салу бойынша келісімшартқа қол қойылды, - деп атап өтті елші.
Ол сондай-ақ Қазақстан, Иран және Ресей арасында қазақстандық бидайды осы елдерге уақытша импорттауға, транзиттеуге және своп жасауға рұқсат беретін бидай саудасы жөніндегі меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Бұл механизмді барынша пайдалану керек.

Біздің ынтымақтастығымызды арттыру үшін барлық қажетті тетігіміз бар, ең бастысы, екі мемлекет көшбасшыларының тілегі мен берік саяси ерік-жігері, - деп атап өтті қазақстандық делегация.
СЭМ-де Иранның Сауда-Өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығы палатасының президенті Голамхосейн Шафеи мырза бастаған Иран тарапы өзара сауданы ұлғайтуға мүдделілігін атап өтті.
Біздің елдеріміз бір-бірімен сауда жасау үшін де, түрлі салалардағы іскерлік кооперация үшін де зор әлеуетке ие. Біздің екі елде де Қытай, Үндістан және Еуропа нарығы арасында ыңғайлы логистикалық орын бар. Біз қазақстандық компаниялардың Иранда, ал ирандық компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын көргіміз келеді, - деді Шафеи мырза.

Өзгелердің жаңалығы