Театр All. Үздіктер анықталды

2 Қараша 2021, 09:50
1711
Бөлісу:
Театр All. Үздіктер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Мәдениет және спорт министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Театр All» фестивалі мәреге жетті.

«Театр All» театр фестивалінің жабылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Өздеріңіз білетіндей, еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтіп келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында сөйлеген сөзінде «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жай ғана мереке емес, біз бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек» деп айтқан болатын. Осы айтулы оқиғаға орай бүгінге дейін республикалық және облыстық деңгейде 1000-ға жуық іс-шара өткізілді. Сонымен қатар елдегі эпидемиологиялық жағдай Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеуге айтарлықтай әсер еткен жоқ. Іс-шаралар офлайн режимде де, онлайн режимде де өткізіліп келедіғ - деді министр.

Мерейтойдың ең маңызды оқиғаларының ішінде қала күніне орай ұйымдастырылған Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театрының қабырғасында өткен «Ел орда өлкесі» атты фестивалін атап өтсек болады. 

Фестивальде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрларының шығармашылық кездесуіне ерекше тоқталып өткен жөн. Аталған жиын бағдарламасында театр өнерінің жетекші қайраткерлерінен спектакльдер, премьералар, шеберлік сабақтары көрсетілді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қызықты қойылымдарға, жарқын кездесулерге және есте қаларлық оқиғаларға толы ұмытылмас күндер сыйлаған бүгінгі «Tеатр ALL» фестивалі осы жылдың шілде айында өткен «Ел орда өлкесі» Фестивальінің жалғасы іспеттес. Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы екені белгілі, осы орайда «Tеатр ALL» фестивалі көрерменнің көңілінен шығып, рухани қажеттіліктеріне жауап беретінін сеніммен айта аламыз, - деді Мәдениет және спорт министрі.

28 қазан мен 3 қараша аралығында өткен фестивальде қазылар алқасының шешімімен марапатталғандар:
  • Театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ» театрының директоры Құралай Ешмұратова;
  • Шығармалық ізденісі үшін – А.И. Театрының директоры Айгүл Иманбаева; 
  • Үздік театр менеджері – «Астана Балет» театрының директоры Александр Совостьянов;
  • Үздік жарық қою суретшісі – Айдын Досаев ;
  • Үздік сценография – «Қыз Жібек» қойылымы үшін Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов;
  • Үздік дебют – Мемлекеттік «Astana Musical» театрының №13 спектакліндегі рөлі үшін Айдар Акипбаев;
  • Үздік эпизодтық ер адам бейнесі – Нұр-Сұлтан қаласының Жастар театрындағы «Асауға Тұсау» спектакліндегі Грумио рөлі үшін Жандаулет Батай ;
  • Үздік эпизодтық әйел адам бейнесі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ә. Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» «Ромео-Джульетта» қойылымындағы Леди Капулетти рөлі үшін Ажар Шәкіржанова;
  • Үздік хореограф – «Тұйғындар» қойылымы үшін Мемлекеттік «Наз» театрының көркемдік жетекшісі Қадиша Ағымбаева;
  • Үздік қуыршақ театры артисі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры «Ер Төстік» қойылымындағы Ер Төстік рөлі үшін Дархан Муслимов марапатталды.
  • Үздік балет артисі – Нұр Сұлтан қаласының «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Жизель» қойылымы үшін Әйгерім Бекетаева;
  • Үздік опера солисі – Нұр Сұлтан қаласының «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Қыз Жібек» қойылымындағы Жібек ариясы үшін Жәмилә Жарқынбаева;
  • Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі үшін – Мемлекеттік «Наз» би театрының «Әзімнің әңгімесі» қойылымындағы Айлакер шал рөлі үшін Ақон Рысқалиев;
  • Екінші пландағы үздік әйел адам бейнесі үшін – Нұр Сұлтан қаласының «Музыкалық жас көрермен театрының» «Дүние – ғапыл» қойылымындағы Римма рөлі үшін Самал Еслямова;
  • Ерекше көзқарас – Максим Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театры «Гоголь. Петербург» қойылымы;
  • Үздік актер – Максим Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театры «Светлые Думы» қойылымындағы Веня рөлі үшін Иван Анопченко;
  • Үздік актриса – Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының «Жұбайлар жұмбағы» қойылымындағы Розалинда рөлі үшін Айнұр Бермұхамедова;
  • Үздік актерлық ансамбль – Максим Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театры «Светлые Думы» қойылымы үшін;
  • Үздік режиссер – Нұр Сұлтан қаласының «Музыкалық жас көрермен театрының» ұсынған «Дүние Ғапыл» қойылымы үшін режиссер Асхат Маемиров;
  • Үздік қойылым – Нұр Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры» «Асауға тұсау» қойылымы үшін марапатталды.

Сонымен қатар аталған іс-шарада «Жаңа есім» номинациясы бойынша ұсынылған үздіктер:

  • Абусамат Түсіпбаев, «Қуыршақ театры» МККҚ
  • Асхат Маден, «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК
  • Дінислам Нұрмағанбетов, «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК
  • Инабат Әбенова, «К. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры»
  • Әлия Джиренбаева ,«Astana Musical» мемлекеттік театры
  • Нұржігіт Муслимов, «Ә. Мәмбетов атындағы драма және комедия театры» МКҚК
  • Ерқанат Ермағамбет, «Астана Балет» театры
  • Дмитрий Маштаков, «М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК
  • Назерке Серікбол, «Жастар театры» МКҚК
  • Шыңғыс Расылхан, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры.
Өзгелердің жаңалығы