Қыркүйектен бастап ұстаздардың жалақысы тағы да көбейеді

28 Шілде 2020, 16:24
23931
Бөлісу:
Қыркүйектен бастап ұстаздардың жалақысы тағы да көбейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы оқу жылында ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамның еңбекақысы 20-30 пайызға артады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Ұлттық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша тапсырма берді. Осы мәселені орындауымыз керек. Министрлікке бағынышты оқу орындары оқытушыларының жалақысын өсіру мәселесін бірінші қыркүйектен бастап шешуіміз керек. Тиісті талдау жұмыстары жүргізілді және оған мүмкіндік бар. Бұл мәселені бірінші қыркүйектен жүзеге асыруды тапсырамын, - деді Асхат Аймағамбетов.

Ол жоғары оқу орындары жүйесін дамытуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдіріп отырғанын айта кетті.

2011 жылдан бастап жоғары оқу орындарындағы грант құнын өсіру бойынша көп мәселе көтерілді. Президент тапсырмасына орай, Үкімет қаулысы қабылданды. Осылайша, грант құнын өсіру арқылы оқытушылар жалақысы көбейіп, оқу орындарының материалдық-техникалық базалары нығаятын болады, - дейді министр.

Былтырғы – 2019-2020 оқу жылында барлық оқу орны жалақыны орта есеппен 20 пайызға көтерген екен.

Енді 2020-2021 оқу жылында оқытушылар жалақысын шамамен 21-32 пайызға дейін көтеру күтілуде. Бұл бағыт бойынша барлық ЖОО жұмыс істеп жатыр, - дейді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Өзгелердің жаңалығы