Теңіздегі төбелестен кейін қандай қылмыстық істердің қозғалғаны белгілі болды

3 Шілде 2019, 13:55
7234
Бөлісу:
Теңіздегі төбелестен кейін қандай қылмыстық істердің қозғалғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атырау облысы Теңіз кен орнында болған төбелеске қатысты пікірін айтты.


"Негізі, ол жерде "адамды жарақаттау" және "бұзақылық" бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. Әрбір қылмыс бойынша қатысушылар бар. Қазір негізгі бір адам ұсталып отыр. Бұдан бөлек, тағы бірнеше күдікті бар. Олардың барлығына қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің сипаты әр адамның төбелеске қатысуына қарай анықталады", - деді Ерлан Тұрғымбаев Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.

Еске салсақ, 29 маусым күні Атырау облысындағы Теңіз елді мекенінде тəртіпсіздік орын алды. Мыңға жуық жұмысшы ереуілге шығып, оның соңы төбелеске ұласты. Бұл оқиғаға шетелдік жұмыскердің қазақ қызымен бірге түскен суреті себеп болды.
Өзгелердің жаңалығы