Тбилисиде алғашқы автоматтандырылған ферма іске қосылды

13 Қараша 2019, 02:21
2300
Бөлісу:
Тбилисиде алғашқы автоматтандырылған ферма іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тбилисиде инновациялық жоба – вертикалды автоматтандырылған ферма іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.

Осы кәсіпті ашқан жас әйел шағын бір бөлмеде көкөністер өсіреді. Бұл – озық технологиялар қолданатын алғашқы қалалық агроөнеркәсіп кешені.

Тбилиси қаласының орталығында заманауи мейманхананың ішінде агроөнеркәсіп шаруашылығы орналасқан. Дәлірек айтқанда, елдегі тұңғыш автоматтандырылған вертикалды жылыжай. Мұнда Күн сәулелерінің орнына жарық диодтары қолданылып, тұйықталған кеңістікте су айналып жүреді. Жарық пен ылғалдың қажетті мөлшерін компьютерлер есептейді. Сондай-ақ көкөніс өсіруде ешқандай химикаттар пайдаланылмайды.
Жабық кеңістіктегі ферманың көп артықшылықтары бар. 155 шаршы метр ауданда вертикалды стеллаждарда ай сайын 500-ден 700 келіге дейін өнім алуға болады. Бұл өндірісте қалдық жоқ. Ал су айналып жүргендіктен, кәдімгі фермалардан гөрі 75% аз жұмсаймыз. Маусымға қарамастан, жыл бойы тұтынушыларды көкөніспен қамтамасыз ете аламыз, - деді жоба авторы Туся Гарибашвили.

Бұл жобаға университеттер де қызуғышылық танытқан. Студенттер мұнда тағылымдамадан өтіп, жаңа технологияларды қолдану мүмкіндіктерін игереді.
Сенсорлардың көмегімен қышқылдық пен өзге де химиялық компоненттерін өлшейміз. Компьютерлік бағдарламаларды қолданып, өсімідіктерге қолайлы жағдай жасап, оны реттеп отырамыз. Нәтижесінде экологиялық таза өнім шығады, - деді аграрлық университет студенті Георгий Цискараули.

Инновациялық жобаның авторы жылыжай орнын өзі таңдаған. Туся Гарибашвили мейманхана басшылығын өз жобасымен таныстырып, олардың қолдауына ие болған. 
Өз мейрамханамызда қонақтарға қандай өнім ұсынатынымыз біз үшін өте маңызды. Ұзақ уақыт бойы фермерлер қауымдастығымен ынтымақтасып жұмыс істеп келеміз, олардың өнімдерін сатып алып жүрміз. Жабық кеңістіктегі вертикалды ферма өте қызық жоба. Біз оған қолдау көрсетуді жөн көрдік, - деді мейманхана директоры Леван Берулава.

Автоматтандырылған ферманың көп артықшылығы бар. Тез іске қосуға болады, пестицидтер мен зиянды қоспалары жоқ және өнімділігі ондаған есе артық. Бұл ескі мен жаңаның, агрономияның көп ғасырлық тәжірибесі мен озық технологиялардың түйіскен жері.




Өзгелердің жаңалығы