Бас жаңалықтар
Тәжікстанның сыртқы саясатында ЕАЭО елдерінің маңызы зор – Эмомали Рахмон
29 Мамыр 2019, 15:56 392

Тәжікстанның сыртқы саясатында ЕАЭО елдерінің маңызы зор – Эмомали Рахмон

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өткен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қонақ ретінде қатысқан Тәжікстан президенті  Эмомали Рахмон жылы қарсы алғаны үшін Қазақстан еліне алғысын білдірді.

Ол өзінің баяндамасында ЕАЭО елдерімен достық қарым-қатынаста екенін баса айтты.

«ЕАЭО елдерімен әріптестіктті нығайту және дамыту Тәжікстанның сыртқы саясатында маңызды орын алады. Соның ішінде ТМД елдерімен барлық сфера бойынша байланыс жасаймыз. Оның арасында  қауіпсіздік саласы да бар», - дейді Эмомали Рахмон.

Тәжікстан президентінің айтуынша, терроризм, экстремизм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және заңсыз есірткі саудасымен күресте ЕАЭО елдері негізгі әріптес болып саналады. 

«Біз көптеген мәселелерді елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ететін тиімді әдістерді қолдану арқылы шешуде жетістікке жете аламыз», - дейді ол.

ЕАЭО одағына бес ел кіреді: Қазақстан, Ресей, Армения, Белоруссия, Қырғызстан. 
 
Айта кетейік, бүгін бес жыл толған аталған ұйымның мерейтойлық отырысына Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян қатысып жатыр. Сондай-ақ Молдова Республикасының президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде, Тәжікстан Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Еуразиялық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі (ЕАЭО) азаматтарының еңбек өтілін зейнетақы төлеу кезінде есепке алуды көздейтін келісім әзірлеп жатқаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. 

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық